Тағы да жастар…
Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесі мен тұрмыс-тіршілігі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Себебі қоғамның маңызды бөлігі жастар болғандықтан бұл қашанда таусылмайтын әңгіме.Кейінгі жастарды әсіресе соның ішінде қазақ ұл-қыздарын сынағыштар көбейіп барады. Баспасөз беттеріндегі мақалалар, радио, телеарналардан берілетін көптеген хабарларда жас буынды тәрбиелеуге арналған. Өйткені, жастар біздің болашағымыз. Ертеңгі атар таңы мен батар күнін ойлағындықтан болар, жастардан тәрбиелі, өнегелі, әдепті, білімді болғандығын қалайды. Өкінішке орай таяқтың екі ұшы бар. Жастардың арасында расында салауатты да салмақты өмірге бейімделгендер, дұрыс жолда жүргендер бар, сонымен қатар жастықтың буына мас болып, өз уақыттарын бұрыс пайдаланатындар да баршылық. Батысқа еліктеуіштік, қазақи тәрбиеден жұрдай жандарды көріп жүрегіміз сыздайды. Осы тұста шыққан отбасын кінәлаймыз және санасыздығында дейміз. Қазақ атамыз « баланың көңілі далада» деп бос айтпаған. Яғни баланы тәрбиелейтін орта көше.
Көшеде ішімдік ішіп алғандар, ес түссіз мастар, көргенсіздер, ауыздары балағатқа толған ағаларымыз, жарамсыз сән қуған әпкелеріміз. Барлығына бірдей топырақ шашудан аулақпын, дегенмен мұндай кісілердің барын айту керек. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің, дейді. Аға әпкелеріміз осылай жүрген соң, «маған неге былай жүрмеске?» деп саналарына тоқып алатындар да бар шығар. Жастарымыз жақсы болсын, жаман болсын оларды тәрбиелеп отырған орта буын екенін ұмытпағанымыз жөн.
Бұл жайлы мысал келтірсек жетерлік, жас қазақ қыздары жасанды түсік жасайды дейміз, ал түсікті жасайтын дәрігерлер ақыл тоқтатқан жандар емес пе? Неге оларды ақша қызықтырады? Неге қарындас, сіңілдеріне ақылдарын айтпайды? Неге жасамай қоймайды? Әлде, дәрігердің артынан ерген бауыры жоқ па? Жарайды, қайсы бірін тоқтатып ақыл айтып отырады, бастысы медициналық жағдайда процесстің таза өткені де бір жағынан дұрыс болар. Қаракөздеріміздің арасында жезөкшелік, өз тәнінің саудасымен айналысып жүргендер бар. Бұл қыздарымыздың ар-ұяттан безгендіктерін көрсетеді. Бірақ тағы да ішті жылататын жайт, олардың жеңгетайлары ата-аналарымен жасты жандар. Ата- анасы «баласының тәнін саудаға салып отыр» деген, естіген құлаққа ұят.
Жігіттеріміз де оңып тұрғаны шамалы, бір жартыны «ағасы бардың-жағасы бар, інісі бардың-тынысы бар» деп қағып салып, бір-біріне деген құрметті жүз граммен көрсетеді. Ағаларымыз кейде тіпті аталарымызбен жасты , жасы келген кісілер жас қыздарға көз қырын салып, қандай жолмен болсын пайдаланып қалуға тырысады. (Ошағында жан-жары мен әлгі қызбен жасты бала шағасы күтіп отырғанын қаперінен шығарып.) Содан болар қазір жігіттеріміз өз сөздерімен айтқанда «запас» ұстап жүреді, не қыздарды үйленетін және жай пайдаланатын деп бөліп алады.
Жас жігіттердің астына шет елдік машина мінгізіп еркелететіндер де әкелері, сол үшін де олар еңбектің құнын білмейді, бағаламайды. Түнгі клубтар да жастардың арасында есірткі тарататын да тағы да, моральдан материалдық ахуалды жоғары қойған ағаларымыз. Қу ақшаны қуғандар да дәл солар.
Заманды кінәлаймыз, адамды кінәлаймыз, айналып әкеліп нарыққа тірейміз. Ал жай ғана мысал, күнделікті мәдени ошақтарда, қоғамдық көліктердегі үлкен мен кішінің арасындағы қарым қатынас. Қоғамдық көліктер жас кәрі демей бәрімізге ортақ. Бірақ, «автобусқа қарт кісілер мінгенде, орын бер» деп мектеп партасында отырғанда үйрететіні анық. Оны әркім өзінше қабылдайды, «бізде ерігіп жүрген жоқпыз, шаршап жүрмін» деп автобусқа отыра сала өтірік ұйықтап не терезеге телміріп отыратындар да , үлкен кісі мінсе орнынан атып тұратындар да, ұлтына қарап тек өзінің қандасы болса ғана орын беретіндер де кездеседі. Қалай сән қусақ та, шет елге еліктесек те үлкеннің алғысымен, батасымен өскен қазақпыз. Орын беру қандай қиын емес болса, бір ауыз алғысын білдіруде сондай оңай. Бір ауыз «рахметтің» өзі жас жүректі шаттандырады, қанаттандырары. Біреуге шын мәнінде кішкене болса да жақсылық жасағанын сезінеді. Ал біздің көптеген ата-апаларымыз үндеместен отырып алады, немесе «отыра бер мен әлі жаспын» дегенді де естіп жатамыз. Орын беру кемсіту емес, сый көрсету. Жоқ, ол кісі өз- өзін сыйға емеспін деп ойлайды ма? Үлкенге құрмет көрсету кішінің парызы екенін естен шығармау үшін, кішіге де ізет көрсетуді ұмытпаған абзал.
Comments
Қоғамдық дертке шипа табу қиын...
Әсіресе бүгінгі шіри бастаған қазақстандық қоғамда(((